Ата-аналар ұжымдық арыз жазып, ішкі істер басқармасына жіберген

Елорда тұрғыны №94 мемлекеттік балабақшада балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы шағымданды.

Ашу-ызаға толы жазба “Астана, хочу похвалить/пожаловаться” тобында жарияланған. Автордың айтуынша, екі жасар балаларды соққыға жығып, балағаттап, еденге жатқызып сүйреген көрінеді. Бұл сұмдыққа жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүр болған тәрбиеші куә болыпты.

Астананың білім басқармасы Sputnik Қазақстанға берген мәлімет бойынша, балабақшаға арнайы комиссия жіберілді.

Балабақша ұжымымен түсіндіру жұмыстары атқарылып, осы аптада сауалнама жүргізілмек.

Қызметтік тексеру жүргізіліп жатқан кезде тәрбиеші уақытша жұмыстан шеттетіледі, деп жауап берді білім басқармасы.

Байқоңыр ауданы ішкі істер басқармасына ата-аналардың ұжымдық арызы мен тексеру материалдары жіберіліпті.

Тиісті шаралар полицияның қорытындысынан кейін қолданылады.

Загрузка...
Загрузка...

Сайтқа кіру:





avatar

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

  Subscribe  
Notify of