Тергеу комитеті “Теракт” және “Заңсыз қару-жарақ ұстау” баптары бойынша қылмыстық іс қозғады

Бастапқы мәлімет бойынша, Федералды қауіпсіздік қызметінің Архангельск басқармасының ғимаратында бомбаны жасөспірім жарып жіберген.

Қолдан жасалған жарылғыш затты 17 жастағы жергілікті тұрғын алып кіріпті. Жарылыс салдарынан жасөспірімнің өзі қаза тапқан, деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті.

Комитет берген мәлімет бойынша, үш қызметкер жарақат алған.

Қазір Теракт” және “Заңсыз қару-жарақ ұстау” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Архангельсктегі теракт
Сәрсенбі күні Архангельск облысы бойынша Федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының ғимаратында жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш қызметкер зардап шегіп, жарылыс жасаған күдікті жасөспірім қаза тапқан.

Ресейдің Тергеу комитеті болған оқиғаны теракт деп атап, қылмыстық іс қозғады.

Қазір қылмыстың мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары атқарылып жатыр.

 

Загрузка...
Загрузка...

Сайтқа кіру:





avatar

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

  Subscribe  
Notify of