Сот отырысынан кейін Ескендір Сүлейменовтің анасы ұлына қатысты соттан тек әділ үкім күтетінін мәлім еткен еді.

Астанада жол-көлік оқиғасынан көз жұмған Ескендір Сүлейменовтың ісіне қатысты сот процесінде айыпталушы Малика Мұхитова жәбірленуші тарап талап еткен 14,752 млн теңгені төлеуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот процесі барысында судья жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызына байланысты айыпталушыға сұрақ қойды.

«Иә, талап бойынша өтемақыны толығымен өтеуге дайынмын. Біз ол тараптан банк шотының нөмірін жолдауды өтінген едік. Алайда олар банк шотын әлі жіберген жоқ», – деді Малика Мұхитова.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусымында Астанадағы жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болған еді.

Ескендір тізгіндеген мотоцикл қиылысқа шыққан көлікке соғылды. Арада көп өтпей Астана қалалық Ішкі істер департаменті апатқа себепкер болуы мүмкін Hyundai автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық келіншекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, қалалық полиция департаменті Ескендір Сүлейменовтің мотоциклы соғылған жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті бастығының қызы екенін растаған.

Айта кетсек, 12 қазанда Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне қатысты сот процесі басталып, Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апаты бойынша сотталушы Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді.

Айта кетерлігі, өткен сот отырысында Ескендір Сүлейменовтің туыстары келтірілген залалды өтеуді (14 миллион теңге) талап еткен.

Дегенмен, сот отырысынан кейін Ескендір Сүлейменовтің анасы ұлына қатысты соттан тек әділ үкім күтетінін мәлім еткен еді.

Загрузка...
Загрузка...

Сайтқа кіру:





avatar

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

  Subscribe  
Notify of