Қытайда жаңа туған сәбиін сатып жіберген ер адам тұтқындалды. Ол өзінің әрекетін ұлды болғысы келгенімен түсіндірді.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Чжэцзян провинциясының Иу қаласында орын алған. қыркүйек айының ортасында 42 жастағы Сяохуэя Лидің екінші қызы дүниеге келген. Ол қатты мұңайып, қыркүйек айының соңында перзентін сәбилі бола алмай жүрген ерлі-зайыптыға 4 мың юаньге (200 мың теңгеден аса) сатып жібереді.

Лидің анасы сәбидің жоғалып кеткені үшін қатты уайымдаған. Алайда Лидің өз көмегінен бас тартқаны оның көңіліне күдік ұялатқан.

200 мың теңгеге: Ұлды болғысы келген ер адам қыз туылғанын білгеннен кейін оны сатып жіберген

«Мен екінші немеремді бірнеше рет қана көрдім. Артынша ұлым мені үйіне кіргізбеді», – дейді Лидің анасы.

Қазан айының басында кейуана ұлы үйде болмаған кезде келіп, келінімен көріскен. Үйден сәбиді таппаған ол бірден Лиге қоңырау шалыпты. Алайда ұлы сөйлесуден бас тартқан. Сол кезде кейуана полицияға шағымданады.

Полиция ер адамнан жауап алып, ол кінәсін мойындады. Ли тек ұлды болғысы келгенін айтқан. Сонымен қатар ол жұмыссыз болғандықтан, екі қызды асыра алмайтынын ойлап алаңдапты.

200 мың теңгеге: Ұлды болғысы келген ер адам қыз туылғанын білгеннен кейін оны сатып жіберген

Қазан айының ортасында полицейлер сәбиді тапты. Оны сатып алған отбасы он жылдан астам уақыт бойы сәби сүйе алмай жүрген екен. Ерлі-зайыпты сәбидің сатылатыны туралы хабарландыруды желіден көргенін айтты.

Артынша полиция сәбидің әкесі мен оны сатып алған ерлі-зайыптыны тұтқындады. Ал сәби өз отбасына қайтарылды. Қазіргі уақытта сәбиді анасы мен әжесі қарауда.

200 мың теңгеге: Ұлды болғысы келген ер адам қыз туылғанын білгеннен кейін оны сатып жіберген

Қытай заңына сәйкес, әйелдер мен балалар ұрлығы және саудасы үшін 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамайды, өмір бойына бас бостандығынан айырады немесе өлім жазасына кеседі.

Загрузка...
Загрузка...

Сайтқа кіру:





avatar

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

  Subscribe  
Notify of