Балабақша тәрбиешілері аттестациялаудан өтуге мүмкіндік алады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездескен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік балабақшаға мамандар тарту үшін  бірнеше шара қабылдауда. Біріншіден ауылдағы балабақша меңгерушілерін жұмысқа қабылдауда еңбек өтілі 6-дан 3 жылға дейін қысқарды. Бұл да үлкен мәселенің бірі болған. Екіншіден, педагогтерді қолдау үшін «Білім туралы» Заңның 51- бабына өзгерістер енгізілуде. Ендігі уақытта балабақшаға жұмысқа мектепке дейінгі мамандық бойынша емес педагогикалық білімі бар мамандар қабылданатын болады.

Оның айтуынша, үшіншіден, осы уақытқа дейін мектепке дейінгі мамандығы жоқ тәрбиешілер категория алу үшін аттестациядан өте алмайтын. Енді аттестациялау ережесіне өзгерістер енгізіліп, педагогикалық білімі бар барлық тәрбиешілер аттестациялаудан өтеді.

«Ол үшін қысқа мерзімді курстар енгізіп отырмыз. Курстар жеткілікті», – деді Ерлан Сағадиев.

 

Загрузка...
Загрузка...

Сайтқа кіру:





avatar

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

  Subscribe  
Notify of