Оңтүстік Кореяға жұмысқа бармақ болған қазақстандықтар алаяқтарға алданып қалған

Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп, мол ақша табамыз деп ойлаған елуге жуық азаматты алаяқтар алдап соқты.

Әлеуметтік желіде жарнама жасағандар Оңтүстік Кореядағы белді компанияларға жұмысқа орналастырамыз деп уәде еткен. Ал осының бәрін ұйымдастыруға алдымен 900 доллар сұрапты. Осылайша, бар тапқан-таянғанын күдікті компанияға жинап бергендер жер сипап қалды. Ал алдандым дегендердің бас-аяғы 45 адам, деп хабарлады КТК.

“8 қазан күні келісімшартпен 900 доллар қолдарына бердік”, — дейді  Павлодар тұрғыны Еркегүл Тоқтықызы.

Алайда, менеджер қыздар ақшаны алмадық деп азар да безер. Айтуларынша, кассаға теңге түскен бойда оны әлдебір курьер қағып кетіп отырған. Ал өздері мұнда жұмысқа бір ай бұрын ғана қабылданыпты. Содан бері бастықтың өзі тұрмақ, көлеңкесін де көрмеген. Десе де, Оңтүстік Кореяға барамыз деп опық жеген жұрт оларға сенбеді. Ақшасын қайтаруды талап етіп, қанша кемсеңдесе де, қыздарды кеңседен шығармай қойды: “Жібермеңдер, жігіттер! Ұстап алыңдар!”.

Ал Оңтүстік Кореяға жұмысқа ер-азаматтармен қатар, қыз-келіншектер де бармақ болған екен. Жоғары жалақы мен жатын орны, тамағы тегін деген жарнама нәзік жандарды да қызықтырса керек. Сол үшін кейбірі тіпті жұмыстан шығып та қалыпты. Ал енді бірі банктен несие алған. Жер сипағандарын енді білді.

“Бізге 27 қазанда  ұшасыздар деді. Сосын ауыстырып жіберді.  Кейін 30 қазан  сағат 10-ға деді. 10-да келдік! Келсек полиция отыр екен. Сіздердің ақшаларыңызды ұрлап кетті деді”, — дейді Айбек Тұрымбетов.

Бұл іске қазір полицейлер араласты. Алаяқтық бабымен іс қозғалып, жұрттың қаржысын қалтаға басқандардың біреуі қамауға алынды.

Загрузка...
Загрузка...

Сайтқа кіру:





avatar

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

  Subscribe  
Notify of