Бұл мәселе күн санап ұлғайып бара жатпаса, жарасы жазылатын емес. Оның жалғыз емін Нұртөре ағамыз айтты. Толық білу үшін мына видеоны мұқият қараңыз:

Қазақстан Ұлттық арнасының «Назар» бағдарламасына аға журналист Нұртөре Жүсіп қонаққа келді. Әңгіменің басы журналистің еңбек жолынан басталып, ел жолына қосталып, ұрпақ пен болашақ мәселесімен түйінделді,-деп хабарлайды QazBrand.INFO порталының тілшісі.

Тұлғаның өмірі мен еңбек жолы туралы төменнен оқып алыңыз *

Нұртөре: Қазақстан ең мерекесі көп елміз. 30 елдің қатарына қосыламыз дейміз, демалыстан демалыс, қай кезде жұмыс істейміз?

Журналист: Қай мерекені алып тастауымыз керек сонда?

Нұртөре: Біраз мерекені алып тастау керек. Мысалға 8 мартты. Жаңа жылды. Тәуелсіздік күнін қалдыру керек. 1 май, 9 май деген мерекелер жәй даталы күндердің қатарына қосылуы керек.

Журналист: Демалудың қажеті жоқ дейсіз ғой… Жұмыс істей беру керек пе?..

Нұртөре: Жұмыс істеу керек. Енді сіз 30 елге қосыламын деп отырсыз… Отыз ел қашанғы қазақ бізді қуып жетеді деп күтіп тұрады?..

Журналист: Бізде идеология қалыптаспай жатыр ма сонда?

Нұртөре: Идеология деген ауқымды нәрсе ғой…

Журналист: Дұрыс бағыт жоқ па әлде?..

Нұртөре: Жооқ, бағыттан кенде емеспіз… Айтудан да кенде емеспіз…

Журналист: Істемейтін халық бар ма?..

Нұртөре: Орындаушылық тәртіп жоқ қазақта… Бірақ қазақта бір нәрсе бар: жауапкершіліктен жалтару деген нәрсе бар. Бізді ел қылған, жұрт қылған мына нәрсе (мен емес Абай айтқан): «Халықтың көбісі намысшыл келетін еді. …Намыс тұрса, қазіргідей жетім жоқ, жесір жоқ, жылау жоқ, сықтау жоқ…» Барлығы намыстың жоқтығынан. Мысалы мен бұрындары Қазақ радиосына берген сұхбатымда менен сұрады «Көшеге қазақ қыздары шығып кетті, не істейміз» деп, өте ауыр сұрақ. Солардың туысқаны жоқ па? Ағасы жоқ па? Нағашысы жоқ па? Бар ғой… бәрі бір-бірін таниды ғой… Сонда журналиске берген жауабым былай: Сол көшеге шығып кеткен қыздардың барлығының руын жазып қою керек, ұлдың да солай руын ашық жазып қою керек… Біз өзі ұлтымыздың аты аталған кезде қосыла жамандап кете береміз де жеке руымызға шаң жуытпаймыз… Бұл әдетке айналған бұрыннан бар әдет. «Қазақпыз ғой» деген жеңіл жауапқа айналған.

Журналист: Немереңізге қалай тәрбие бересіз?

Нұртөре: Ертегі оқып беремін. «Ертөстікті», «Қобыланды батырды» емес, немереме ертегіні өз өмірінен, өзінің айналасынан құрастырып айтып беремін. Қазіргі балаларға мың жерден ежелгі ауыз әдебиетін айтып берсең де ол оны елестете алмайды… Біз ауыз әдебиетінен айырылып қалдық. Кітапханада оның 100 томы тұр. Бір адам бетін ашпайды. Қазақ тіліне қайта орала алмай жатуымыздың себебі де осында.

Сонымен қатар, Нұртөре ағамыз тағы бір жақсы ой айтты. Ағамыз оны ойлап емес, жасап та үлгергенін айтты. Былтыр Есіл ауданында «Бауырсақ пати» деген шара өткіздік дейді. Сонда Сарыарқы ауданының тұрғындарына наурызда жаңа піскен бауырсақ тараттық дейді. «Өтіп бара жатқан қазақ болсын, басқа ұлт өкілі болсын, әлгі бауырсақтың дәмі таңдайында қалады ғой. Келесі жылы сол жерден өтіп бара жатып айтпай ма, былтыр осы жерден біз ыстық бауырсақ жеп едік қой деп» дейді. Және Нұртөре ағамыз айтады: «Бір қап ұнмен бірталай жұмыс бітіруге болады» деп.

PS. Рас-ау!.. Сонау зұлмат заманда жан-жақтан пана іздеп келген әр ұлтқа бұл қазақ тісін батырған жоқ, құл қылып ұстаған жоқ. Керісінше кең пейілділік танытып, бәріне бірдей құшағын ашып, қойнына тыққан нанын берген еді. Сол кезде сол ұлттардың ұрпағын сақтап қалған жоқпыз ба біз. Міне, сол жақсылықты олар ұмытпаса керек…

Отыз елдің қатарына жетуге асықпай-ақ қояйық, он екі мүшеміз аман, төрт құбыламыз тең, елу жылда жаңарып, жайқалып, тамырын кеңге жая беретін ел болайық.

QAZBRAND.INFO

 

* Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылында дүниеге келген. 1984 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. ҚР Журналистер академиясының академигі (1999 жылдан). «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006) кітаптарының авторы.

1984 жылдан – «Қызыл ту» (қазір «Сарыарқа самалы») Павлодар облыстық газетінің тілшісі, аға тілшісі, көлік және қатынас бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1990 жылдан – «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1996 жылдан – «Жас Алаш» газетінің бас редакторы. 2002 жылдан – «Ақ жол, Қазақстан» газетінің бас редакторы. 2005 жылдан – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ бас директоры. 2007 жылдан – «Астана хабары» газетінің бас редакторы. 2008 жылдан бері – «Айқын» газетінің бас редакторы.

«Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының Б. Бұлқышев атындағы сыйлығының (1995), БАҚ саласындағы Президенттік сыйлықтың (1998), «Алтын Адам» сыйлығының (2000) лауреаты.

Загрузка...
Загрузка...

Сайтқа кіру:





avatar

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

  Subscribe  
Notify of