Осыдан он жыл бұрын Мақаншы ауылының ортасына әйгілі бабамыз Қаракерей Қабанбайға алып ескерткіш орнатылды. Ескерткішті орнатқан белгілі кәсіпкер, жерлесіміз Қайранбақыт Сыдықов. Ескерткіш қою идеясының қалай келгені жайлы кәсіпкердің туған ағасы Ұлықпан Сыдықов былай дейді:

-Ана бір жылы інім Қайранбақыт бір күні маған: «Аға, өткен түні бір жақсы түс көрдім. Жақсылап жорып беріңізші», деді. «Ал айт». «Түсімде биік таудың бауырында бір батыр шынтақтап жатыр екен. Өзімнің ойым: бұл Қабанбай бабамыз екен деймін. Жанында ерттеулі аты тұр. Әдеттегіше сәлем берем. Ол сәлемімді қабыл алып: «Балам, қолымнан тартып тұрғызып жібер» дегесін, тұрғызам. «Енді қолтығымнан демеп атыма мінгіз», дейді. Айтқанын орындап мінгізіп жіберіп едім, тауды бөктерлеп жүріп кетті», деді. «Япыр-ай, Қайранбақыт-ай, түсің не деген жақсы еді! Бабамызға туған жерден ат мініп тұрған ескерткіш орнатуымыз керек екен, аруақ бізден осыны дәметеді. Тек ешкімге әзірше тісіңнен шығарма », дедім.

Ұлықпан Сыдықов

Осыдан соң-ақ бұл қасиетті іске бел шеше кірістік, ең алдымен қаражат мәселесін шешу қажет. Сосын арғы жағын көре жатармыз деп шаруаны дөңгелете бердік. Әйгілі жерлес жазушы Қабдеш Жұмәділов ағамыз да өзінің көмегін аяп қалған жоқ. Скульптураға арналаған ермексаздан найзасының ұшына дейін 8 метр болатын алып ескерткішті Қытайға, Бейжің қаласына апарып қоладан құйдырып алып қайттық. Ескерткіштің бүкіл қаражатын өзі кәсіпкер Қайранбақыт көтеріп алды. Аллаға шүкір, сәтті шыққан дүние болды. 2009 жылы екі дүркін Кеңестер одағының батыры атанған марқұм Талғат Бигелдинов ағамыз ашылу салтанатына қатысқан бұл шара Үржар ауданы жұртшылығының жадында қалды.

Загрузка...
Загрузка...

Сайтқа кіру:





avatar

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

  Subscribe  
Notify of